Шекарада астрахандық азамат шекарашыны қағып кетті
Белгісіз «Газель» көлігі «Ресей-Қазақстан» шекарасын бұзып кірмек болады. Сол кезде оның жүргізушісі аймақтық шекаралық басқарманың қызметкерін қағып кетеді. Бүгінде осы оқиға бойынша тергеу амалдары қолға алынғна.
Аталмыш оқиға келесідей өрбіген. Красноярск ауданында Қиғаш өзенінің үстінен өтетін шекаралық көпір бар. Сонда қызмет ететін шекарашы астрахандық көлік жүргізушісін тоқтатуға әрекеттенеді. Әйтсе де, бұған құлақ аса қоймаған жүргізуші құжатын көрсетудің орнына көлігін қыздырып, қозғалып кеткен. Сөйтіп, шекара қызметкерін қағып өткен. Ал, шекарашылар болса, тәртіп бұзушыны дереу ұстаған. Енді оның ісі Ресей Тергеу комитетінің Астрахань облыстық тергеу басқармасына жолданды. Онда құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасау фактісі бойынша тергеу-тексеру амалдары жүргізілмек.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.