Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Шеберлік шыңдаған дода

Атырауда мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиада оныншы  мәрте өтті. Биылғы мерейлі турнир Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр. 

ШЕБЕРЛ-К ШЫ__ДА__АН ДОДА

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Облыстық додаға он команда қатысты. Атап айтсақ, жеті аудан, Атырау қаласы мен облысы әкімі аппараттарының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің командалары екі күнге созылған спартакиадада спорттың алты түрінен бақ сынасты.

Осы жолы да Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының командасы қарсыластарынан басым түсіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Олар кіші футбол, волейбол, суда жүзу, жеңіл атлетикадан алдарына жан салмады. Ал, ІІ орынға үш күміс, бір қола жүлде еншілеген Атырау облысы әкімі аппаратының командасы тұрақтады. Үшінші орын бір алтын, бір күміс медальды жеңіп алған махамбеттіктерге бұйырды.

Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы:

– Сала қызметшілері тек мемлекеттік басқару жүйесінде ғана емес, спортта да белсенді екенін байқатты. Спорт салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, адамдарды бір-біріне жақындастырады, достық қарым-қатынас орнатады. Демек, бұл турнир дәстүрлі түрде жалғаса береді.

***

Алмас МҰҚАШЕВ, Құрманғазы аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Біз тоғызыншы жыл қатарынан бас бәйгені ешкімге бермей келеміз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, ауданның мемлекеттік қызметшілері мықты екендігін тағы да дәлелдеді.

***

Аманбай ҚЫЗДАРБАЕВ, бас төреші:

– Бұған дейін жарысқа тоғыз команда шығатын еді. Ал, биыл оныншы команда – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметшілері қосылып отыр. Жарыс ойдағыдай өтті. Қатаң ескерту алған құрамалар болмады.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button