Жарнама
Жаңалықтар

Шаштараздағы қайырымдылық

Балалар тегін шаш қидыртып, бір жасап қалды. Мұндай қуанышты оларға «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры сыйлады.

%d1%88%d0%b0%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b7-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-3

Негізінен көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балғындарға сұлулық салонының басшысы Гүлжайнар Нұрмұханова көмекке келді. «Акция облыс орталығындағы ең ірі сауда үйі, яғни «Динада» өтті. Оған 6-12 жас аралығындағы ер балалар қатысты. Баласын салонға әкелген кей аналар да тегін шаш сәндетіп, бір қуанып қалды. Біз жүргізген әлеуметтік зерттеу – жоқшылық қолды байлаған отбасы балаларының шаштараздарға мүлде бармайтынын көрсетті. Көп ата-ана үй жағдайында пайдаланатын арзан құрылғыны серік етеді екен» дейді «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорының жетекшісі Әйгерім Жәрдемқызы. Айта кеткен жөн, бұл салонда ер балалардың шашын қию, кемінде 500-700 теңге аралығында тұрады.

%d1%88%d0%b0%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b7-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-2

Және бір жаңалық, негізінен жастардан тұратын бұл ұйым, аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналар үшін, тегін психологиялық тренингтер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. «Қолда бар фактілер, ажырасқан әйелдердің бала тәрбиесінде қателіктерге көп бой алдыратынын көрсетіп отыр. Сондықтан, біз әйел-аналардың рухани, ішкі әлеміне де оң өзгерістер әкелгіміз келеді» дейді қор жетекшісі Әйгерім Жәрдемқызы.

%d1%88%d0%b0%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b7-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-1

Айына бір рет өтетін психологиялық тренинг, семинарларды белгілі психолог Ғани Сұлтанова жүргізетін болады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button