Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

img 20210604 wa0049 Жаңалықтар

ТШО компаниясы іске қосқан жаңа нысан – өндіріс аумақтарындағы барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Зауыт қуаты айына 40,000 тонна күкірт өндіруге шақталған.

«ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырдық», – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға 60-тан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Пандемияның қиыншылықтарына қарамастан ТШО мен «Caspian Group Construction» ЖШС-і бірігіп 2 жылдан аз уақыт арасында жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтады.
«Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жоғары технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді», – деді Түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері Галиаскар Итишев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз