Жарнама
Жаңалықтар

Ардагерлер шаршы тақтада бас қосты

Атырау қаласында ардагерлер арасында шахматтан сегізінші ашық турнир өтті. Облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған дода қазан қайырымдылық айына тұспа-тұс келді.

Дәстүрлі додаға Атырау қаласы мен аудандардан барлығы отыздан астам әуесқой шахматшы қатысты.
Жас ерекшеліктеріне байланысты үш топта, айналым жүйесімен сайысқа түскен шахматшылар арасынан шаршы тақтадағы тартыста бәсекеде шебер ойынымен көзге ілігіп, қарсыластарына дес бермей, оза шапқандар да аз болмады.

Осылайша, ең үлкендер тобында Мұқағали Сейітов, Бөкенбай Ағаш, Ақылбай Жекешев жеңімпаздар сапынан табылды. Ортаңғы топтан жүлдегерлер қатарында Жексенбек Рахметов, Байлаубай Тұмбаев, Серік Сағынов сынды ойыншылардың есімдері аталды.

Ал төменгі топтан сайысқан шахматшылар арасынан Тәппат Қабышева, Ақмарал Мыңбаева мен Сәния Қаметова жүлделі орындарды еншіледі.
Жеңімпаздарды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов құттықтап, оларға дәрежелі дипломдар мен бағалы байрақтарын табыстады. Сайыста шебер ойынымен танылған шахматшыларға Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button