Шаңырақтың діңгегі

ggnggnggn Жаңалықтар

Әке – шаңырақтың иесі, ана – оның киесі. Шаңырақтағы ұл мен қызға тәлімді тәрбие беретін ата-ана.

Сондықтан, қай шаңырақта да баянды бақыт болуы үшін ерлі-зайыптылар бала өмірге келгеннен бастап өзінің білімі мен білігін, қасиеті мен қабілетін перзентінің санасына сіңіреді.

алел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Əке – жауапты лауазым» атты келелі кездесуде қоғамдағы əкенің орны, бүгінгі ұрпақтың тəрбиесі мен тəрбиедегі кейбір олқылықтар туралы да айтылды. Кездесуде сөз алған Атырау қаласы əкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов конференцияның маңызына тоқталды.

– Болашақ ұрпақтың жүрегіне ізгіліктің дəнін егу – бəріміздің парызымыз. Əр əке тек отбасына емес, қоғамға да жауапты. Бүгінгі талқылап отырған мəселелер əкелердің санасын оятуы керек. Отбасында көптеген əкенің жауапкершілігінің төмендегенінен балаларын тастап, барлық ауыртпалықты əйелдерінің мойынына артып отырғаны жасырын емес. Дініміз бен дəстүрімізде де ер-азаматқа өзінің отбасы аманат етілген. Сондықтан, аманатқа қиянат жасамау керек. Қазір біздің ұрпағымыздың құбылып тұрған шағы. Оның үстіне əлеуметтік желілердің теріс тəрбие беретін тұстары да жетіпартылады. Сондықтан, жоғары сынып оқушылары мен олардың əкелерінің арасындағы жұмысты жандандыру қажет. Жазғы демалыс кезінде де балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысуымыз керек. Ұсыныс-пікірілеріңіз болса тыңдап, нəтиже шығаруға жұмыстанамыз, – деді Нұржан Мақсотұлы.

Биыл ресми түрде мерекелердің қатарын толықтырған «Əкелер күні» қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде өзекті мəселелер талқыланды. Басқосуда ардагер ұстаздар, белсенді əкелер, құқық қорғау саласының қызметкерлері тұшымды пікірлерін ортаға салып, маңызды ұсыныстарын айтты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз