Жарнама
Жаңалықтар

«Шалқар күйдің шандозы»

  Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылдық округіндегі мәдениет үйінде қазақтың қазынасы — құдыретті күй өнерінің дүлдүлі Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған «Шалқар күйдің шандозы» атты байқау өтті. 

 kyishy3 Байқау шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы дәулескер күйші қалдырған қазынаның мәңгі өлмейтін құндылық екенін айтты. Әуезді кеш барысында Махамбет ауданының Құрметті азаматы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қаршыға Ахмедияровтың қарындасы Жәниба Қарасайқызы ағасына арналған толғауын оқып, дүйім жұртты ерекше әсерге бөледі. Байқау нәтижесінде үшінші орынды «Есбол» ауыл клубының көркемдік жетекшісі Елжан Қамашев пен З.Ещанова атындағы өнер мектебінің мұғалімі Рамиль Елемесов иеленсе, екінші орынды Таңдай орта мектебінің оқушысы Ерік Шамшиден жеңіп алды. Бірінші орын З.Ещанова атындағы өнер мектебінің мұғалімі Наурызбек Жұмағалиевке бұйырды. Бас жүлдеге Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының студенті Оспан Жанарыс лайық деп танылды. Айта кеткен жөн, Қаршыға Ахмедияров «Шашақты найза, шалқар күн», «Әсемқоңыр», «Сарыарқа», «Жігер», «Атырау» күй жинағы кітаптарының авторы. Тақырыбы және стилі жағынан әр түрлі 50-ден аса күй шығарған. Оның «Қайран әке», «Ақ қайың», «Сағыныш», «Ғазиза», «Би», «Қуаныш», «Шамғон Ақжелең», «Нұрғиса», «Абай толғау», «Құрманғазы», «Ақжелең» күйлері бар.

Абай АҚМҰРЗИЕВ. Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button