Жарнама
ЖаңалықтарСпорт

Шайбалы хоккей: Қазақстан құ­ра­масы біріншілікті сәтті бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстан құ­ра­масы Мажарстанның астанасы Буда­пештте өтіп жатқан жастар арасында әлем біріншілігін сәтті бастады, деп хабарлайды atr.kz

«А» тобында өнер көрсететін жерлес­теріміз тұсаукесер кездесуін жарыс қожа­йындарына қарсы өткізді. Ойын тізгінін бір­ден қолға алған Сергей Старыгиннің шәкірт­тері бірінші кезеңде екі шайбаны қақпаға енгізді. Бұл голдардың авторлары – Давлат Нүркенов (4-минут) пен Егор Смольянинов (13-минут). Оған мажарстандықтар Герго Михаликтің (14-минут) голымен ғана жауап қайтарды. Үзілістен кейін Бендегуз Добош (39-минут) таразы басын теңестірді. Есесіне үшінші кезеңде қонақтар қарқынын күшейтті. 49-минутта Артем Авдеенко нысананы дәл көздесе, 53 және 58-минуттарда Всеволод Логвин қатарынан екі гол соқты. Есеп – 5:2.

Кеше түнде еліміздің хоккейші­лері Дания­мен күш сынасты. Одан кейін біз Франция, Жапония және Аустария құра­ма­ларымен шеберлік байқасамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button