Жарнама
Жаңалықтар

ШАҺАРДЫҢ БАС ШЫРШАСЫ ШАМЫН ЖАҚТЫ

– Міне, тағы бір жыл тарихтың қойнауына еніп, төрімізге төрлетер жаңа жылға санаулы күндер қалды. Жаңа жылдан баршамыз ойлаған арман-тілектеріміздің орындалуын асыға күтетініміз бар. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін аса ерекше мереке. Ал, қаламыздың бас шыршасын жағу – жаңажылдық мейрамның басты белгісі іспеттес. Барлығыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақыт пен зор денсаулық тілеймін, — деді шаһар басшысы. Бұдан кейін Нұрлыбек Жұмахметұлы және  С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, алты жастағы оқу озаты Санагүл Қуанышева  Жаңажылдық шыршаның шамын жақты.

Салтанатты рәсімге қала тұрғындары, қонақтары көптеп жиналды. Сондай-ақ, қаладағы балалар үйінің бүлдіршіндері де жаңажылдық костюмдерін киіп, салтанатты рәсімдегі флешмобқа белсенді қатысты. Аяз ата мен ақшақар, ертегі кейіпкерлері алаңды думанға бөлеп, рәсімнің мәнін аша түсті. Айта кетейік, биылғы жаңажылдық безендіру жұмыстарына қала бойынша 23 миллион теңге қаражат бөлінген. Қаладағы шағын және орта бизнес өкілдерінің де демеушілігімен безендіру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, мекемелердің алдына үлкенді-кішілі шыршалар орнатылуда.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button