Жарнама
Жаңалықтар

«Шаңырақтың» балалары теміржолға келді

Отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамына қарасты бөлімшелерге барып, жұмыс барысымен танысты. Экскурсияны «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырды. Мақсат – жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттап, мәртебесін көтеру. 

«Шаңырақтың» балалары теміржолға келді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін игі бастманың берері мол. Рас, халықтың әл-ауқатын көтеруде жерасты байлығының алар орны ерекше. Әйтсе де, қазір жеке кәсіпкерлік қанат жайып, түрлі қызмет көрсету салалары өркендеп дамуда. Осы орайда жұмысшы мамандығына деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді.

Магистральдық теміржол желісінің атыраулық бөлімше өкілі Жанболат Әміровтің айтуынша, ел экономикасының күретамыры болып саналатын теміржол қызметінің маңызы өте жоғары.

— Елбасының өзі «Нұрлы жол» бағдарламасын ұсына отырып, ел болашағының жарқын болуын осы теміржолмен байланыстырады. Сол арқылы Қазақстанға озық отыз елдің «қақпасы» ашылып, тәжірибесі таратылмақ, — дейді ол.

Ал, теміржол қызметі қаншалықты ауыр? Онда кімдер еңбек етеді, жалақылары қанша? Теміржол рельстері қалай жасалады және оларды орналастыру реті қандай? Теміржолшы мамандығын қайда оқытады? Осы және басқа да өздерін қызықтырған сауалдарға оқушылар бұл күні толыққанды жауап алды. Тіпті, кейбір жұмыс ыңғайын өз қолдарымен де атқарып көрді. Кәсіби бағдар берудің жаңа жолы жастарды қызықтыра түскені айқын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button