Қашағанда мұнай шығару тәулігіне 80 мың баррельге артады

8360 6 kashagan rentabelen pri ru Жаңалықтар

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – NCOC Атырау облысындағы Қашаған кен орнында мұнай өндіруді тәулігіне 80 мың баррельге арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

8360-6-kashagan_rentabelen_pri_ru

«Компания Қашаған мұнай-кен орнындағы мұнай қорын игерудің ең оңтайлы әдісін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жасап келеді. Сол себепті біз атқарылатын жұмыстарды бірнеше кезеңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл кезеңнің барлығы дербес жоба ретінде қарастырылып, оның тиімділігі нақты жүйеленген, инвесторлар шығынының өтемділігі қамтамасыз етілген болуы тиіс. Осындай жобалардың бірі ретінде ылғалды газ сығу қуаттылығын арттыруға инвестиция салуды атап айтуға болады. Бұл мұнай шығару ісін тәулігіне 80 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді NCOC компаниясының техникалық директоры Рам Ситхарам.

Дәл қазіргі уақытта Қашаған мұнай кенішіндегі мұнай шығару тәулігіне шамамен 200 мың баррельге тең.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз