Баннер 9 мая от газеты Атырау

«Шаңырақ» конкурсының үздіктері

жаңалықтар Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған этножурналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық өңірлік конкурсы қорытындыланды. Шараны «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Өтеген Нәукиев жүргізіп отырды.

%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Тамара Аман-Турлинаның айтуынша, байқауда он екі журналистің еңбектері қаралыпты.

Жүлделі І орынды аудандық «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Лена Нұрбаева иеленіп, 150 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Екінші орынға «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редакторы Айымгүл Хайруллина лайық деп танылды. Берілген сыйақы мөлшері – жүз мың теңге. Ал,  «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Саликова ІІІ орынды жеңіп алып, елу мың теңгенің сертификатына ие болды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз