
«Шаңырақ» конкурсының үздіктері
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған этножурналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық өңірлік конкурсы қорытындыланды. Шараны «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Өтеген Нәукиев жүргізіп отырды.
Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Тамара Аман-Турлинаның айтуынша, байқауда он екі журналистің еңбектері қаралыпты.
Жүлделі І орынды аудандық «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Лена Нұрбаева иеленіп, 150 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Екінші орынға «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редакторы Айымгүл Хайруллина лайық деп танылды. Берілген сыйақы мөлшері – жүз мың теңге. Ал, «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Саликова ІІІ орынды жеңіп алып, елу мың теңгенің сертификатына ие болды.
Айгүл ЕРТІЛЕУ