Үш аяқты сәби дүниеге келді

7cb7deb5adfa0826e2ba2cd85119c2e8 resize w 520 h Жаңалықтар

Үндістанның Джангаон қаласының 25 жастағы тұрғыны Срилата Канчанапалли үш аяқты қызды дүниеге алып келді. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

7cb7deb5adfa0826e2ba2cd85119c2e8_resize_w_520_h_

«Ерекше» сәби сирек кездесетін «паразит егіз» ауытқуымен туған. Ата-анасы сәбидің артық аяғын алып тастау үшін Хайдабарадон қаласындағы ірі госпитальдің көмегіне жүгінген. Үш сағатқа созылған операция сәтті өтті. Дәрігерлер баланың өміріне еш қауіп жоқ, ал ата-анасының алаңдауына енді еш негіз жоқ деп отыр.

Айта кетейік, жүз мың ананың арасынан тек біреуі мұндай «ерекше» сәбиді дүниеге әкеледі екен. Бұндай ауытқу ана құрсағындағы егіздің біреуі әлсіз сыңарын жұтып қою арқылы пайда болады. Осылайша паразит толығымен немесе жартылай өзінің «құрбанымен» бірігіп кетеді екен.

Дереккөз: Хабар 24

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз