Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

«Сезім сырлары»

Ш.Сариев атындағы сәндік-қолданбалы өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Көркем Академиясының мүше-корреспонденті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Айса Отаралының «Сезім сырлары» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы және альбом-каталогының тұсаукесер рәсімі өтті.

img_6393-28-11-16-10-23

Көрменің мақсаты – бейнелеу өнерінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар суретші шығармашылығын кеңінен насихаттау болды. Шараның салтанатты ашылуына суретшілер мен журналистер, автордың үзеңгілес жолдастары, туыстары және ізбасарлары жиналды.

Көрмеге қылқалам шеберінің әр жылдары салынған, белсенді шығармашылық қызметінің түрлі кезеңдерінде жасалған қырыққа жуық туындысы қойылған. Өнерсүйер қауым назарына ұсынылған экспозициядан түрлі жанрдағы жұмыстарды, атап айтқанда, портреттерді, түрлі табиғат суреттері бейнеленген пейзаждарды, сондай-ақ, тарихи композицияларды да көруге болады. Суретшінің көрмедегі жұмыстары сюжеті және олардың көркемдік баяндауы бойыншада сан алуан.

img_6391-28-11-16-10-23

Автор үлкен ауқымда салынған тарихи суреттерінде өткен мен бүгіннің сабақтастығы туралы, өз халқының рухани мұрасын сақтау қажеттігі туралы айтады.  Экспозицияға қойылған «Сарайшық аруы», «Табылды Досымов», «Ақ жайық» арулары сынды шығармалары көпшілікке жақсы әсер қалдырды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан мен Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, музей басшысы Төлеген Орынбасарұлы және аталған университеттің проректоры Гүлжан Жарасова  оқу орынның құрметті ұстазы Айса Отаралының шебер де үлгілі ұстаз, өз ісінің білгір маманы екендігін атап өтіп, мерейтойымен құттықтады.

img_6457-28-11-16-10-23

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан көркем Академиясының вице-президенті Ермұқан Жүнісхан өнер иесіне алдағы уақытта да шығармашылық қызметінде табыстарға жетуіне тілектестігін білдіріп, Одақтың Құрмет грамоталарын табыстады, иығына шапан жапты.

img_6395-28-11-16-10-23

— Бұл менің 40 жылдық шығармашылық жұмысымның жеңісті жемісі деп білемін. Өнерде шекара жоқ. Мен сонау алыстан келген барша әріптес-достарыма алғысымды білдіремін, — дейді көрме авторы Айса Отаралы.

Айсаның суреткерлік дүниетанымы, талғам өресі ұлттық философия тағылымынан ерекше сезілетіні қызықтырады. Бұл – кез келген суретшіге дари бермейтін тылсым құбылыс. Оған тек ойлы көзбен қарау ләзім.

Илья Жақанов,

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Композициялық құрылым жасаудағы ешкімге ұқсамайтын өзіндік шеберлігі, көркемдік мәнері ұлттық нақыштың оймен сезімді қиял дүниесін билейтін ішкі лирикалық толғаныстан шығатыны ап-анық сезіліп тұрады. Бейнелеу мүмкіндіктерін пайдаланған кезде жарық, көлеңке, реңдік иірімдерді өте нәзік сезіммен жазуы еріксіз ойландырады. Шығарманың тартымды болуы тұла бойына тұна қалған осы қасиеттермен баурайды.

Кендір Отарбай,

ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. 

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button