Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕР АШЫЛАДЫ

Atr.kz/5 қыркүйек, 2020 жыл. Қыркүйек айында Атырауда облыс, қала және аудан әкімдіктерінде Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облыстық департаменті және «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсынысымен «Сервистік әкімдік» фронт-офистері іске қосылады.

«Сервистік әкімдік» мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерді бір жерге орталықтандыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Шаруасы қауырт жан қала немесе аудандағы бөлімдерді іздеп сабылмай, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары мәселелері бойынша қажетті қызметке бір жерден қол жеткізеді.

Бастысы, бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін қайталамайды. Қызмет алушы үшін әкімдік ғимараттарында жайлы жағдай туғызу – негізгі ұстаным.

«Сервистік әкімдік» фронт-офистері әкімдік ғимараттарының бірінші қабатында орналасады. Онда қызмет алушы үшін арнайы электронды кезек залы, келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi желісі мен банкоматтар, төлем терминалдары, арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар, әкімдіктің тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс істеуі үшін open space залдары жұмыс жасайды.

Фронт-офистер қызметін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Нұрлан Таубаев қадағалайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button