«Inderbor cinema» кинотеатры жұмысын бастады 

4980d6e4 1b0a 4c5c 9c94 02852840c873 Жаңалықтар

Индер ауданының «Inderbor cinema» 3D кинотеатры өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Индер ауданында алғаш рет ашылған және пандемия кезінде әртүрлі қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатқан «Inderbor cinema» кинотеатры жұмысын қайта бастады. Индер ауданының әкімдігі «Sulpak cinema» мекемесімен шарт жасасып, 24 қарашадан бастап кинотеатр отандық «Келінжан» фильмін көрсете отырып, көрермендер үшін есігін қайта ашты. 

-Енді желтоқсан айынан бастап отандық және шетелдік киноиндустрияның түрлі жанрындағы фильмдер көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта кинотеатр 3 сеанспен көрермендерін қабылдап жатыр. Билеттерді Tiketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Билет құны балаларға 500, студенттерге 600-800, ересектерге 1200-1500 теңге, деді аудан әкімінің көмекшісі Айдос Бақытжан.  

Жастар орталығы ғимаратында орналасқан кинотеатр 130 көрерменге арналған. 

Айта кетейік, кинотеатр жұмысын https://instagram.com/inderbor_cinema?igshid=YmMyMTA2M2Y парақшасы арқылы білуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз