Серік Шәпкенов Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Ардақты жас достар, құрметті ата-аналар!
Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың жан- жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жа сау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.
Атыраулық жас өркен, Сіздер үшін көптен күткен алаңсыз демалыс және білімнің жана шыңдарын бағындыруға дайындық кезеңі жазғы каникул басталды. Тың күш-қуат жинап, алтын ұя мектебіңізге естен кетпес әдемі әсермен оралуыңызға тілектеспін.
Бала көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры. Бақытты балалық шағы үшін қолдан келгеннің бәрін жасай мыз. Жылдан жылга отбасылық құндылықтарды нығайту үшін көптеген игі істер атқарылуда.
Қадірлі ата-аналар қауымы, осы міндеттердің барлығын Сіздермен бірлесіп, жан-жақты шешудеміз. Балауса өскіндер үшін оқу мен шығармашылыққа, рухани және тұлғалық дамуға қажет жағдайлар жүзеге асырылады.
Жас ұрпаққа деген бүгінгі шынайы қамқорлық пен шексіз қолдауымыз тәуелсіз Қазақстанның жарқын өмірлік жетістіктері мен аға буын арқасүйер сабақтастықта заңды жалғасын таба берсін!
Шынайы тілектестікпен,
Серік ШӘПКЕНОВ,
Атырау облысының әкімі