Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов Бейбарыс ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барды. Сапар барысында Бейбарыс ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралады,деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Талдыкөл ауылындағы кіре беріс жолдың жағдайымен танысты. Жолдың ұзындығы — 7 шақырым. 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде жолдың сапасы сын көтермейді. Асфальт ойылып, көліктердің жүруіне мүмкіндігі жоқ. Жол жөндеу жұмыстары үшін өткен жылы аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, 2022 жылдың қыркүйегінде сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаржы сұратылды.

dji 0773
default

Сонымен қатар, облыс әкімі Талдыкөл және Бейбарыс ауылдарындағы Жайық өзені жағасындағы су басу қаупі бар учаскелермен танысты. Талдыкөл ауылындағы мәселені жедел шешу мақсатында жергілікті бюджеттен «Шұғыл шығындар» бағдарламасы арқылы қаржы бөлініп, мердігер анықталып, осы жылдың наурыз айында өз жұмысын бастап кетті. Жағалау ұзындығы — 1,5 шақырым. Қазіргі таңда жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер алдымен Жайық өзенінің ең қауіпті 70 метр жерін су өткізбейтін қапшықты топырақпен 4 метр биіктікке көтеру және 120 метр жерге табаны 3 метр бал соғу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы жұмыс сәуір айында толығымен аяқтау жоспарланған.

Серік Шәпкенов жауапты мамандарға Жайық суы деңгейінен көтерілмей тұрып жағалауды бекіту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ, Серік Шәпкенов Бейбарыс ауылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта  мектепке барды. 2012 жылы салынған 300 орындық мектеп оқушы санының көбеюіне байланысты жапсарлас ғимарат салуды қажет етеді. Оған бастауыш сынып оқушыларын оқыту жоспарланып отыр. Мектептің акт залы мен спорт залына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Себебі, жауын-шашын кезінде жаңбыр суы тамшылайды. Білім ошағына қосымша 120 орындық жапсарлас ғимарат салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы 2020 жылы алынды.

imgl4009

Бейбарыс ауылындағы 15 мемлекеттік қызметші ескі ғимаратта жұмыс істейді. Әкімшілік мекеменің қабырғалары жарылып, төбесі құлағалы тұр. Оған қоса бір бөлмесінде жергілікті полиция қызметкерлері орналасқан. 1980 жылы салынған ғимарат әлі күнге дейін күрделі жөндеуден өтпеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button