Атырауда 40 күнде 35 баланы күйік шалған

img 20220208 wa0040 Жаңалықтар

Атырау облысында балаларды күйік шалу көрсеткіші өсіп отыр. Бұл туралы Атырау облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова балалар ауруханасындағы бала өлімінің резонанстық жағдайы туралы айта келіп, көз жұмған балалардың ата-аналары мен туыстарына көңіл айтты.

– Қазір басқарма тарапынан орын алған оқиғаларды талдау нәтижелері қаралып жатыр. Өткен жылы бала өлімінің көрсеткіші төмендеді. Бірақ содан бері қарайғы және биылдың басында бақытсыз оқиғалар, соның ішінде балалардың жарақат алу көрсеткіші өсіп отыр. 2020 жылы стационарға бақытсыз оқиғамен 406, ал 2021 жылы 419 бала түсті. Былтыр орташа есеппен айына 10-12 баланы күйік шалса, биыл 35 балаға жетіп, соның үшеуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Осыған орай, емханаларда алдын алу және ата-аналарға кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Туылғанға дейінгі және 5 жасқа дейінгі балалардың да денсаулығы басты назарда. Бұл бағытта баланы дамыту кабинеті ашылған, – деді ол. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз