Жаңалықтар
Серік Шәпкенов: «Бағаны шектен тыс өсірмеу керек»
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында дүкендер мен сауда орындарындағы бағалардың әдейі көтерілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
–Бағаны шектен тыс өсірмеу керек. Қалаға жеткілікті мөлшерде тауарлар жеткізіліп отыр, ешқандай проблема жоқ. Рас, Құлсарыға жеткізуде қиындықтар бар, соған байланысты біз теміржол арқылы жеткізуді ұйымдастырдық. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкелініп жатыр. Тағы бір мәселе – кейбір тауарлар мен дәрі-дәрмектер су астында қалуы мүмкін. Бірақ бұл тек Құлсарыда. Қалған елді мекендерде бәрі жақсы болуы керек, — деді Серік Жамбылұлы.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы