Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов «Атырау-Жарық» АҚ мекемесінің жұмысын қатаң сынға алды

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен қаладағы қар тазалау жұмыстары бойынша әкімдік отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында «Атырау-Жарық» АҚ Президенті Мейірбек Құбашев баяндама жасады.

— Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 32-33 әуе желісі сөнді. Жыл сайын апаттық жағдайда сөнетін Геолог, Береке, Мұнайшы, Еркінқала, Рембаз, Сарыөзек және т.б елді мекендерде таңғы сағат 6-да соңғы әуе желісі қосылды. Алайда олар «Атырау-Жарық» АҚ балансында емес, жеке қосалқы станцияларға тиесілі,-деді М.Құбашев.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов «Атырау-Жарық» мекемесіне тұрғындардың шағымы негізінде қаладағы проблемалық 40 трансформаторды жаңартып бергенін айтты. Соның өзінде қар жауған кезде жұмысты дұрыс үйлестіре алмай, тұрғындарды жарықсыз қалдырған мекеме басшысына сын айтты.

— Сіздің мекемеге жеке қосалқы станцияларды күтіп ұстауға қаражат бөлдік. Сіз неге олай бөлінесіз? Бұл дұрыс емес. Мемлекеттен қаражат бөлініп, сенімгерлікке берілген жеке қосалқы станцияларды пайдаландыңыз ба, жауап беруіңіз керек. «Атырау-Жарық» бойынша үлкен мәселе бар. Сіздер таңғы 5-ке дейін жұмыс істедіңіздер. Қандай алгоритм сіздерде? Мен әр бір сағат сайын ақпарат алдырып отырдым. Мәселен, Сарыөзектегі 70 қосалқы станцияны айырып, қалғанын неге қоспайсыз? Бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлауымыз керек,-деді С.Шәпкенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button