Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов: “Ақжайық”резерватындағы өрт толық сөндірілгеннен кейін кешенді жоспар дайындалады

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жедел штаб отырысында бұрын соңды «Ақжайық» резерватындағы өрттің дәл осылай ұзаққа созылмағанын және оның кейінге қалдыруға болмайтын бірқатар жүйелі мәселенің бетін ашқанын айтты, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Каспий теңізінің тартылуы мен қамыстың шамадан тыс көбеюі – аймақта күрделі мәселе тудыруы мүмкін », — деді облыс әкімі.

Облыс басшысы мұның бүтін өңір үшін сабақ болар жағдай екенін айтты.

«Біз бұдан ой түйіп, мәселені жүйелі түрде шешуіміз керек. Өрт салдарын жою жұмыстары аяқталғасын Экология және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, болашақта мұндай жағдайға жол бермеу үшін кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдауды мақсат етіп отырмыз», — деді ол.

Бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудағы тұрақтылыққа және табиғи апаттардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button