Септиктерді тазарту штабтың міндетіне кірмейді
Атырау қаласында тұрғын үйлердің септиктерін тазалау жедел штабтың қызметіне кірмейді. Бұл туралы жедел штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Қалада жаңбыр мен жерасты суларын сору жұмыстары жалғасуда. Қала 21 секторға бөлініп, олардың әрқайсысында жауапты қызметкер және қажетті техника бөлінді. Күн сайын 100-ден астам техника жұмыс жасауда.
Су сору жұмыстары көшелерде және қажеттілігіне қарай су басу қаупі жоғары аулалар мен аймақтарда жүзеге асырылып келеді. Ескертетін жайт: Септиктерді тазарту штабтың міндетіне кірмейді және оны тұрғындар өз күштерімен жүзеге асыруы керек.
Бұл қол ұшын созуға шын мұқтаж отбасыларға көмекке жетудің мерзімін ұзартатынын және осы тақырып бойынша 109 қызметіне қайта жүгіну телефон/мекен-жайыңызды “қара тізімге” енгізу әкімшілік шара қолдануға әкеліп соғатынын ескертеміз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет! — делінген баспасөз хабарламасында.