Жарнама
Жаңалықтар

СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК – ТАБЫС КЕПІЛІ

«Эксон Мобил» — Қазақстанның «қара алтынын» барлау, өндіру, тасымалдау және мұнай маркетингі саласында өзін көрсете білген ірі корпорацияның бірі. Сонымен қатар, ол — Солтүстік-Каспий мен Теңіздегі жобаларға қатынасушы ретінде бірнеше маңызды жұмыстардың басында тұрған ірі компания. 
2007 жылы корпорация басшылары Қашаған мен Теңіз жобаларына қатысты жұмыстарды қарқынды жүргізу мақсатында бас кеңсені Алматы қаласынан Атырауға ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Қашаған жобасының екінші кезеңінің кейінге қалдырылуына байланысты компания қызметкерлерінің санын қысқартуға мәжбүр болған еді. Алайда, осыған қарамастан, аймағымыздың ірі инвесторларының бірі саналатын осынау компания өкілдерінің сөзіне сай, жұмыстан қысқартылған инженер-бұрғылаушы, геолог, геофизик сынды қазақстандық мамандар шет елге біліктілігін арттыруға жіберілген.
Облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы аймақ үшін аса маңызды саналатын ірі жобалардың бастауында тұрған компаниямен арадағы қарым-қатынастың кең құлаш жаятындығына сенім білдірді. Өз кезегінде өкілдер де осы ынтымақтастық бағыттағы жұмыс түрлерін жалғастыруға, аймақтың инвесторы болып қала беруге ниетті екендіктерін жеткізді.

Гүлжан ӘМІРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button