Жарнама
Жаңалықтар

Сенім мен сапа кепілі

Atr.kz/26 шілде, 2019 жыл. Жақында облыстық полиция департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау үшін конкурс өтті. Талапқа сәйкес, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылды. 

Жалпы, комиссия отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Ішкі конкурсқа бір кандидаттың құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келіп, әңгімелесуге жіберілген болатын. Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Айнагүл Қақиева  байқаушы ретінде қатысты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button