«СЕНІМ» – БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ
Бастауыш партия ұйымының төрағалығына «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, аталған оқу орнының басшысы Бақытгүл Хаменова сайланды. Жиынға партия филиалының фракция мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Жайдарбек Зайдуллин қатысып, «Нұр Отан» партиясының ел дамуындағы басты күш екенін айтты. Ол өз сөзінде бастауыш партия ұйымдары халық сенімін ақтау қажеттігіне баса көңіл бөлді.
Ал, Бақытгүл Қайыржанқызы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, «Сенімге» селкеу түсірмей қызмет ететінін жеткізді.
Партияның құрамында бүгінгі күні колледждің 35 оқытушысы бар. Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдарын құру жиыны Атырау медициналық және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледждерінде де жалғасып, оның төрағалары мен мүшелері сайланды.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.