Сенатордың сапарында не мәселе көтерілді?
Еліміздің Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Индер ауданына жұмыс сапарымен келді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбын талқылап, насихаттауды мақсат еткен сапар аясында сенатор ауданның белсенділерімен, колледж және медицина қызметкерлерімен кездесті. Басқосу барысында халық табысын өсіру, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастыру, жеке инвестицияны ынталандыру, бұл жолда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын одан әрі жалғастыру, қаржы секторының рөлін күшейтіп, банктердің жұмыстарын реттеу, мониторингтеу, экспортқа бағытталған индустрияландыру жұмыстарын іске асыру тақырыптарына кеңірек тоқталып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Сүйеу ХАЛЫҚОВ