ЖаңалықтарСаясат
СЕМЕЙ АУМАҒЫНДА АБАЙ ОБЛЫСЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫН-ПРЕЗИДЕНТ
Семей аймағында Абай облысын құру қажет.
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», — деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының да жағдайы мәз еместігін баса айтты. «Біз әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өңірді қайта жаңғыртуға тиіспіз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.