Ауыр жүк көліктеріне маусымдық шектеу енгізілді

uooo Жаңалықтар

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызға ие жолдарда автокөлік қозғалысына көктемгі шектеулер енгізілді.

ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы «Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызға ие жолдарда автокөлік қозғалысын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерісті түсіндіру және жүк көліктерінің салмағын тексеру мақсатында «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы /Астрахань бағыты/» республикалық жолының 573-ші шақырымы, Қарабатан елді мекені маңындағы демалыс алаңында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Бірлескен іс-шараға Атырау облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы, облыстық көлік прокуратурасы, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ, облыстық полиция департаменті және «ҚазАвтоЖол»ҰҚ АОФ, «Қазақавтожол» ЖШС өкілдері қатысты. 

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ инженері Мейірхан Бекесовтың айтуынша,  жол сапасының нашарлауына ауыр жүк көліктерінің  белгіленген мөлшерден әлдеқайда артық жүк тасымалдауы әсер етеді. Статистикалық мәліметтер бойынша облыста асфальттың 35% -ы ауыр жүк көліктерінің салдарынан тез тозады. Сондықтан жол сапасын сақтау мақсатында жылдың әр мезгілінде ауыр жүк көліктеріне бақылау шаралары күшейтіледі.

Ал, Атырау облысы Көлік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Әнуар Бисалиевтің мәлімдеуінше, Атырау облысы 5-ші климаттық аймаққа жататындықтан, яғни су тасқыны ерте басталатын болғандықтан 1-наурыз бен 1-сәуір аралығында жүк көліктерінің салмағын 1 білікке 8 тоннадан асырмау көзделген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз