Жарнама
Жаңалықтар

Саянға сая болғандар

Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық бөлімі ұжымы әскери қызметшілердің отбасына материалдық, құқықтық және консультациялық көмек көрсету жұмысын барған сайын жандандыра түсуде. Бұл жұмыстың негізгі басымдығы сол, ол – ерекше күтімді қажет ететін балаларға көмек көрсету.

Қамқорлық

Әскери қызметші, кіші сержант Берік Шапиков өз отбасында екі ұл, бір қыз бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы – туабітті мүгедек. Бала жылына екі рет Астана қаласында тегін емделеді. Ал, отбасымен еліміздің бас қаласына жету, бала ем қабылдағанша қымбат қалада тұру өте қиын. Осыны ескерген департамент ұжымы бұл жайдан тыс қала алмай, жеті жасар Саянға қолдау-көмек ұйымдастырды. Соның арқасында бала отбасымен Астана қаласына баратын болды.

Мұндай қамқорлық, сөз жоқ, өзгелерге де үлгі болады. Осындай көмек көрсету – мұқтаж жандар көңіліне сенім мен үміт ұялатып, жүзіне күлкі мен қуаныш нұрын себеді, — дейді әйелдер одағының төрайымы Алена Ватутина.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Батырхан Ақбалиев департаменттің жеке құрамына көрсеткен көмектері үшін өз алғысын білдірді.

 

Үрбайза АБИТОВА,

Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі

департаменттің баспасөз қызметі бастығы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button