СарапTime: «Теңіз» кен орнындағы қиын ахуал туралы

izobrazhenie 2021 01 26 215911 Жаңалықтар

Облыста коронавирус инфекциясы таралып, қолайсыз эпидемиологиялық жағдай күшейіп тұр. Аймақта бір тәуліктің өзінде 100-ден астам адамнан қауіпті індет анықталып отыр. Ал, оның басым бөлігі – Теңіз кенішінде жұмыс жасайтындар. Бұл деректер аталған кеніште қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың мәз еместігін айғақтайды.

Ал, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қандай шаралар қолға алынғанынан жұртшылық бейхабар. Соған орай, біз тиісті құрылым өкілдерімен хабарласқан едік.

Теңіз тыншыған жоқ

А т ы р а у о б л ы с ы н ы ң санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, былтырғы 8 сәуір мен биылғы 21 қаңтар аралығында «Теңіз» кен орнында 5 538 жағдай тіркелген. 465 жұмысшыдан қауіпті індет медициналық көмекке жүгінгенде ғана, 1 375 адамнан инфекция жоспарлы скринингтен өту барысында анықталған. Сондай-ақ, вахтаға кіру және шығу кезінде де ПТР арқылы расталған жағдайлар аз емес. Теңіз кенішіндегі науқастардың 1 174-інде дерт симптомды, қалғанында ауру белгілері жоқ түрі тіркелген.

– Былтыр жыл аяғындағы ауру жұқтыру көрс еткіші алдыңғы аймен салыстырғанда 13 есеге өсті. Ал, желтоқсанда вахтаға кіру кезінде расталған ауруға шалдығу қарашамен салыстырғанда 4 есе көп болды. Осыған байланысты кеніште инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 8 409 қызметкерге жоспарлы скрининг жүргізілді. Сонымен қатар, мұндағы эпидемиологиялық жағдайға орай «Теңізшевройл» ЖШС нысандарындағы Теңіз, Прорва, басқа да кен орындарында еңбек ететін мердігер компанияларда ахуалды тұрақтандыру жұмыстары қолға алынды. Яғни, Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, «Теңіз» кен орнында карантиндік және шектеу шаралары жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды, – деді Мәдениет Рашидұлы.

Бас санитардың айтуынша, «Теңіз» вахталық қалашығы аумағында былтырғы наурыздан бері тұрған 4 блок-бекет ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қызмет етеді. – Бүгін «Теңіз» кен орнының кіреберісі мен шығаберісінде блок-бекеттердің жұмысы, қызметкерлерді вахтаға келген кезде 7 күнге оқшаулауға о р н а л а с т ы р у, в а х т а д а н шыққанға дейін 5 күн бұрын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру, ошақтарда қарым-қатынаста болған адамдарды анықтау, оқшаулау, санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтау қатаң бақылауға алынды, – дейді М.Танауов.

ПТР шын ба, жалған ба?

Бүгінге дейінгі облыстағы қауіпті індеттің тәуліктік таралу көрсеткіштерін зерд е л е с е к , д е р е кт і ң б а с ы м б ө л і г і « Те ң і з » ке н і ш і н і ң жұмысшыларынан анықталған. Жағдайдың ушығуына кейбір жұмысшылардың мұнай кенішіне жалған ПТР қорытындысымен кірмек болғанының да кесірі тиюі әбден ықтимал. Бұл туралы бұған дейін «Теңізшевройл» ЖШС Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де мәлімдеген болатын. Сонда ол мұндай заңсыз әрекетке барғандарды құзырлы о р ы н д а р е г ж е й – т е г ж е й л і тексеретінін айтқан. Барлығы 33 мыңға жуық жұмысшысы бар кен орнындағы талап бойынша, вахталық ауысымға келген қызметкерде ПТР тесттің қорытындысы міндетті түрде болуы тиіс. Ал, қалай болғанда да жылы орнын суытқысы келмеген кейбір пысықай жұмысшылар денсаулығындағы кінәратты әлгіндей әрекетпен жасырғысы келгенге ұқсайды. «Теңізшевройл» өкілі мұндай әрекеттің кеніштегілердің саулығына қауіп төндіретінін ашып айтты.

Сондай-ақ, сол кезеңде же л то қ с а н д а б ол ғ а н о с ы жағдайға байланысты ресми түрде тергеу жүргізілуі тиістігін талап еткені есімізде. Біз бұл мәселенің мән-жайын біліп, осындай олқылықтар кеніште қазір бар-жоғын анықтауға талаптандық. Бірақ облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауаптан жалтарып, «Теңізшевройл» компаниясына сілтеді. Компанияның баспасөзбен байланыс өкілі бұл жөнінде тек облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ғана айта алатынын айтты. Облыстық полиция департаментіндегілер де басын ала қашып, «әкімдіктің мобильді топтары мәлімет беруі мүмкін» деп шығарып салды. Осылайша, бізді допша қақпақылдаған құзырлы органдар білгенін жасырды. Біз түсінбедік, «ауруын жасырған өледі» деген сөз бар еді. Демек ПТР-дің нақтылығын айту кеселдің алдын алғанмен бірдей. Бірақ оны түсінген жан жоқ. Сонда бұл қалай болғаны?!

Аймақ: «қызыл-сары-қызыл»

Коронавирус инфекциясының таралуын бақылау көрсеткішіне с ә й к е с , о б л ы с « с а р ы » аймақтан – «қызылға», одан «сарыға» бірнеше рет ауысты. Бағдаршамның түсіндей тез ауысқан жағдайды облыстың бас санитары тіркелген көрсеткішпен байланыстырды.

– Былтыр 28 наурыз бен биылғы 21 қаңтар аралығында облыста 15 297 коронавирус инфекциясы расталған. Ал, биыл 15-21 қаңтар аралығында 598 дерек тіркеліпті. Қазір облыс бойынша соңғы 7 күнде ауыру 13,7 пайызға, яғни, инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші R-1,041-ден жоғары болу себебінен (талапты көрсеткіш 1) «қызыл аймаққа» енгізілді. Егер көрсеткіш 1-ден төмен болса өңір «сары аймаққа» жатады, – деп түсіндірді М.Танауов. Ал, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін и н ф е к ц и я н ы ң т а р а л у ы н болдырмаған жөн. Ол үшін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде карантиндік шаралар күшейтілді. Тиісті талаптардың жүзеге асуын қадағалау мақсатында мобильді топтар түсіндіру, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Індет халықтың саулығына қауіпті. ПТР арқылы расталған жағдайдың көбі «Теңіз» кенішінде ғана тіркелген деп, бейжай отыруға болмайды. Аймақтағы барлық кәсіпкерлік нысандарда негізгі санитарлық нормалар сақталмаса, тұрғындар сақтық шараларына немқұрайлы қараса, эпидемиологиялық ахуалдың одан әрі нашарлап кетері сөзсіз. Сондықтан, тұрғындар әлі де қатаң талапты ұстанғаны абзал. Өйткені, бүгінгі ахуал мерекелік шараларды, жиын-той мен ойынсауықты, топтасып қыдыруды доғара тұруды аса қажет етеді. Санитарлық-гигиеналық талаптарды бұлжытай орындағанда ғана бұл инфекцияны тұрақтандыруға болады. Олай болса, көшеде, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын нысандарда міндетті түрде бетперделік режимді және әлеуметтік ара қашықтықты сақтап отырған жөн, – деді М.Танауов.

Түйін:

Бүгінде әлемді жайлап, қаупі үдеп тұрған коронавирусты тұншықтыруға тек күтім мен сақтық қана көмектесе алады. Теңіз кенішіндегі, жалпы облыстағы қазіргі ахуал, саны үдеп бара жатқан жоғарыдағы көрсеткіштер әр адамға «Саулық – сақтықта» қағидасын қатаң ұстануды міндеттейді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Коллажды жасаған: Дәурен МҰХАМБЕТАЛИЕВ

ДЕРЕК пен ДӘЙЕК

ОБЛЫСТА БЫЛТЫРҒЫ 5 ШІЛДЕДЕН БЕРІ МОБИЛЬДІ ТОППЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕЙД – 10 644

ҚАМТЫЛҒАН НЫСАН САНЫ – 33 434

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕН ТҮСКЕН МАТЕРИАЛДАР – 2 153

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ САНЫ – 649

АЙЫППҰЛ СОМАСЫ – 96 371 957 ТЕҢГЕ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз