Сарытоғай ауылында ойын алаңы ашылды
Сарытоғай ауылында балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Махамбет ауылдық округінің әкімі Руслан Әженовтің айтуынша, ойын алаңы өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде салынған. Жобаның құны 15 млн теңге. Мердігер «Ди Рай» мекемесі жасанды төсеніш төсеп, балаларға арналған заманауи құрал-жабдықтар орнатқан.
Сондай-ақ ол, Махамбет ауылының «Жаңауыл» мөлтек ауданы және «Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл» атындағы көшедегі көпқабатты үйлер маңындағы ойын алаңдарына да жөндеу жұмыстары жасалғанын айтып өтті.
Ал, ауыл тұрғындары мұндай жұмыстың қолға алынғанына дән риза.
Қазақта «берсең балаға бер», «қуантсаң баланы қуант» деген нақыл сөздер бар. Қазір балалардың барлығы ұялы телефонға әуес. Үнемі телефоннан кино, мултфильм қараған баланың көзі көруі нашарлап, сабаққа деген зейіні де төмендейтіні белгілі. Сондықтан кішкене балалардың далада, таза ауада көбірек ойнағаны дұрыс. Осы тұрғыда міне ауылдық округ әкімінің қолдауымен ауылымыздан ойын алаңы салынды. Балалар біреуі әткеншекке, екіншісі сырғанаққа мініп мәре-сәре. Осыларға қарап бізде қуанып жатырмыз. Ендігі жерде ауылдастарыма, балаларыма айтарым — алаңды таза ұстап, көздің қарашығындай сақтауымыз керек,- деді ауыл тұрғыны, зейнеткер ана Қалиса Маханова.