Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Сарыөзектен алынған сынама қашан дайын болады?

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Атырау қаласы маңындағы Сарыөзек арнасының үстінен өтетін «Атырау облыстық су арнасы» КМК-нің кәріз құбыры жарылып, ағынды лас су өзек бойына құйылған еді. Осы келеңсіз жайт әлеуметтік желі арқылы көпшілікке тарады. Жайық өзені суын тұтынып отырған жұртшылық өзек бойын қуалаған нәжіс судың өзенге құйылуынан қауіптеніп, алаңдаушылық білдірді.

Осыған орай, экология департаментінің өкілдері жарылған тұрбаның жедел ретке келтірілгенін, «Атырау облыстық су арнасы» КМК және балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен бірге апат орнында тексеру жүргізгендерін мәлімдеді.

«Атырау облыстық су арнасы» КМК-нің өкілі Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, құбырдың жарылған жерінен және ағыс бойымен 150 метрдей қашықтан су сынамалары алынды. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы 10 наурызға дейін белгілі болады. Өзек бойынан өлген балықтардың өлекселері табылмаған. Ал, өзек суы Жайық өзеніне тікелей құйылмайды екен.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-erkin-k%d2%afresten-haly%d2%9baraly%d2%9b-turnir-bastaldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button