Жарнама
Жаңалықтар

Сарыөзек ауылында жайлы мектеп халық игілігіне тапсырылды (+фоторепортаж)

Ұстаздар күні қарсаңында Сарыөзек ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Енді ауылдың балалары жайлы мектептен білім алмақ. 300 оқушыға арналған білім ордасы бүгін салтанатты жағдайда ашылды. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, мәртебелі мамандық иелерін айтулы мерекемен құттықтады. Бұған дейін бірнеше шақырым жерде орналасқан орталықтағы мектептерге қатынап келген оқушылар алдағы уақытта заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, барлық жағдай жасалған «алтын ұядан» тәлім алатын болады.

Сарыөзек ауылындағы жаңа мектеп алыстан көз тартады. Өйткені, екіқабатты заманауи ғимаратта шәкірттің алаңсыз білім алуына қажеттінің бәрі бар. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бүгін екі білім ордасы пайдалануға берілсе, екеуі жыл соңына дейін тапсырылмақ. Жалпы, өңірде осындай 9 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар кезек-кезегімен келесі жылдың соңына дейін халық игілігіне пайдалануға берілмек.

–Жоба аясында салынып жатқан жаңа мектептер қазіргі заманғы талаптарға сай, толықтай жабдықталған және оқушылардың сапалы білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалатын білім ошақтары болмақ. Жаңа мектептерде үлкен әрі кең сыныптар, заманауи спорт залдары, компьютерлік сыныптар қарастырылған. «Жайлы мектеп» жобасы тек білім беру саласына ғана емес, жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да айтарлықтай үлес қосады. Жаңа мектептердің салынуы жұмыс орындарын ашуға, құрылыс саласының дамуына және жергілікті инфрақұрылымның жақсаруына септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл жоба Атырау облысының білім беру сапасының жақсаруына үлес қосары сөзсіз, — дейді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, ұлттық жоба шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін 12 мыңнан астам оқушыға орын беріледі, бұл облыстағы 10 үш ауысымды және 7 апатты мектеп мәселесін толығымен шешеді.

Бұған дейін  облыс орталығындағы мектептерге қатынап келген оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. «Мұндай мектептен білім алудың өзі үлкен мәртебе. Біз осы күнді асыға күттік. Жаңа мектебімізде оқушы мен ұстазға қажеттінің бәрі бар», — дейді жаңа мектеп шәкірттері бірауыздан.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button