Жарнама
Жаңалықтар

«Сармат» оқу жылын сәтті аяқтады (+фоторепортаж)

Атырауда өткен жылы ашылған әскери бейіндік бағыттағы бірегей білім ордасы — «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты алғашқы оқу жылын табысты тәмамдады.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың хабарлауынша, оқушылар облыстық және республикалық білім, ғылым, спорттық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Алғашқы оқу жылы бізге аяққа нық тұруға, сеніммен жаңа бастамаларды іске асыруға мол мүмкіндіктер сыйлаған жыл болды. Оқу жылын 54 пайыз білім көрсеткішімен аяқтап, оқушыларымыздың потенциалын, жалпы мектебіміздің мүмкіндіктерін облысқа жақсы таныттық деуге болады. Алдағы жаңа оқу жылы бұдан да белестерге толы болатынына сенемін, — деді мектеп директоры Нұрлан Мұхамеджанұлы.

Айта кету керек, 2023-2024 оқу жылында аталған мектепті VII, VIII, IX сыныптар бойынша 131 оқушы аяқтады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button