ЖаңалықтарҚұқық

«Нефтестройсервис ЛТД» мекемесіндегі еңбек дауы қалай шешілді?

«Нефтестройсервис ЛТД» мекемесіндегі еңбек дауы қалай шешілгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта «Нефтестройсервис ЛТД» мекемесіндегі жағдай тұрақты.

Жергілікті еңбек инспекциясынан білгеніміздей, «Нефтестройсервис ЛТД» мекемесінде кәсіпорын басшылары және жұмысшылармен кездесу өткен.

Кездесу барысында мекеме басшылығы қазіргі уақытта жалақаны көтеру мүмкіндігі жоқ екендігін ашып айтты.

«Себебі, Атырау мұнай өңдеу зауыты жобасы ағымдағы жылы аяқталады. Жобаға қосымша қаражат бөлінбеген.

Мекемеде болған наразылық акциясынан кейін 26 жұмысшы өз еркімен жұмыстан босады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты» делінген Еңбек инспекциясы таратқан мәліметте.

Мекемедегі ахуал Атырау облысы әкімдігінің тікелей бақылауында тұр.

Еске сала кетелік, бұған дейін «Нефтестройсервис ЛТД» мекемесі жұмысшылары жалақыны 50%-ға дейін көтеруді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған болатын.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button