1 18

Атырауда «Тілтану» клубы ашылды

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесі облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп жас мамандардың қатысуымен «Тілтану» клубының тұсаукесерін өткізді.

1

Ғалымдар, магистранттар, магистрлар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жалпы орта білім беру ұйымдарының жас педагогтары қатысқан шара қоғамды толғандыратын ең өзекті мәселеге арналды.

2

Клубты құрудағы мақсат – латын алфавитін халық арасында насихаттауға жастарды тарту, әліпбидің маңыздылығына көздерін жеткізу, барлық өңірлерде, білім беру ұйымдарында «Тілтану» клубтарын құру арқылы латын алфавитін насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жандандыру, клубтың белсенді мүшелерін анықтау, жұмыс жоспарын құру.

3

Шара қорытындысында клубтың белсенді топ мүшелері анықталды, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлескен жұмыстар жүргізуге келісім жасалды. Клубтың эмблемасын жасау туралы шешім қабылданды. Облыстық ұлттық гимназияда, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Тілтану» клубтарын ашып, олардың жұмыс ерекшелігімен танысу, клуб байрағын дайындау, белсенді тілтанушылардың тәжірибесін тарату, жас тілтанушылар слетін өткізу, байқаулар ұйымдастыру, демеушілерді табу мәселелері өзара келісілді.

Клубтың белсенді мүшелері – облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның мұғалімі Салтанат Үмбетқалиева, Мақат ауданы, Б.Қанатбаев орта мектебінің мұғалімі Ислам Әміров, №19 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ербол Шайқы, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің оқытушылары Әсем Ізбасарова, Мөлдір Құлшықова сын-пікір айтып, ұсыныстар берді.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған