Сарбаздың батыл әрекеті адам өмірін сақтап қалды
Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімі жергілікті полиция департаментімен бірлесіп, облыстағы ішкі тәртіпті күзетуде өзінің мінсіз қызметін әрдайым көрсетіп келеді. Аталған әскери органның әскери қызметшілері үнемі өздерінің кәсіби қызметтерімен жыл сайын бірқатар маңызды оқиғада үздіктердің қатарынан көрініп жүр.
Күні кеше 5546 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальоны 1 жедел мақсаттағы ротасының 2 взвод командирі аға сержант Ердәулет Қошқар күнделікті ішкі тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде Исатай-Махамбет алаңында есінен танып жерге құлаған нәзік жандыны көріп, жергілікті жедел жәрдем қызметі келгенше алғашқы медициналық көмегін көрсетті. Дер кезінде көрсетілген көмек азаматшаның есін жинауына зор ықпал етті. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары осындай қызметке адал батырларды үлгі етуді жалғастыруда.
Әділ ҚҰНАНБАЕВ,
5546 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор