Ақтөбеде ер адам өзін-өзі ішкі істер бөлімінің алдында өртеп жіберді

Жаңалықтар

Ақтөбе облысы Ембі қаласының 39 жастағы тұрғыны өзін-өзі ішкі істер бөлімінің алдында өртеп жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

pogudxok291q1jms4.3dcfa291

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 12 ақпан жексенбі күні болған. Түнгі сағат 2.45-те Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ембі қалалық ішкі істер бөліміне орталық есіктен белгісіз ер адам кіріп келген. Оның үстіндегі киімі өртке оранып жатқан.

Кезекшілер жалынды сөндіріп, бірден жедел жәрдем қызметін шақырғанымен бірақ кеш болды. Ер адам сол жерде көз жұмды.

Қазір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Полицейлердің хабарлауынша, ер адам екінші ақпан күні қаза болған әйелінің өлімінен кейін өз-өзіне қол салған. Ал марқұм өзіне қол жұмсайтын ойы барын сол түні туған-туыстарына айтқан екен.

Бір айта кетерлігі, ер адамның неге ішкі істер бөлімінің алдында өмірімен қош айтысқаны белгісіз. ІІД бұл жайтқа қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз