СарапTime: Бұл наурыз бұрынғы наурыздан өзгерек…
Ол – өз елін шынайы сүюдің озық үлгісін көрсетіп жүрген азамат. Ісімен де, сөзімен де. Ел мүддесі, ұлттық ұстаным тұрғысындағы өзіндік пікір-пайымымен ұдайы бөлісіп отыруды жөн санайтын Мұрат Сарманов – басылымымыздың байырғы, тұрақты оқырманы ғана емес, белсенді авторларының да бірі. Бұған дейін де бірнеше тақырып аясында айтарын «Атырау» арқылы жеткізген белсенді азамат, ұлт жанашырының Наурыз мерекесіне қатысты да өзіндік ұстанымы бар.
Тіпті, осыдан біраз жыл бұрын ұлттық мейрам мәртебесін көтеру мақсатында «Айтулы мереке 9 күн бойы тойланған. Соны нақты атаған жанға ақшалай сыйлығым бар» деп әлеуметтік желіде жар салып, алуан пікірлер тоғысқан алаңның көрігін қыздырғаны да көңілден кете қойған жоқ. Тіпті, туабітті мәрттігінен таймай, жеңімпазға жүлдені табыстағаны да есте. Ендеше, жыл басы әз-Наурызды жаңаша тойлау туралы ел көлемінде ауқымды бастамалар қолға алынған сәтте Мұрат Сатыбалдыұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Əлеуметтік желіде белсендісіз. Жеке парақшаңыздағы жазбалар да көптің ойынан шығып келеді. Бүгінгі тақырыпқа қатысты да бірнеше пост жазғансыз. Сонымен, жаңа жылды 1 қаңтарда қарсы алған дұрыс па, Наурызда тойлаған жөн бе? Осыдан бастасақ…
– Еліміз түрлі бағытта даму жолдарын таңдап, өркениетіміз өсті. Салтдəстүріміз жаңарды. Жетістіктерге кенеліп, өз қолымыз өзімізге жетті дегенмен, жаңа жыл мерекесін тойлауда санамыздың тəуелсіздігіне қол жеткізе алмай келеміз. Сұрағың – соның айғағы. Кезінде орыс патшасының еуропалық дəстүр бойынша 1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі болып тойлансын деген нұсқауы бойынша өткізіліп жүрген мерекеге 10 күн бұрын дайындаламыз, бір ай бойы бір-бірімізді құттықтаймыз. Кеңестік дəуірде білім алып, тəрбиеленген біздің замандастар үшін үлкен мереке саналғанымен, болашақ ұрпақтың санасын ұлттық бағытта жетілдіруде осы мерекенің кері əсері болатыны анық. С а н а у л ы к ү н д е р д е н с о ң келетін Наурыз мерекесінде жаңа жыл басталып, жыл қайыруымыз белгіленеді. Сол кезде кешегі думанды мерекеміздің теріс болғаны, бізге жат екені байқалады. Сондықтан, əлемдік жүйеге сəйкестендіріп, барлық шарттарын сақтай отырып, оны жай ғана «Күнтізбелік жылды аяқтау күні», «Жыл қорытындысы» секілді атаулармен атап өтсе деген пікірдемін. Күнтізбелік жаңа жылда көрсеткіштер, ж е т і с т і к т е р қ о р ы т ы н д ы л а н ы п , б е л г і л е н г е н м а р а п а т т а р м е н мадақтаулар Наурыз мейрамында табысталса, мекеме-кəсіпорындар қызметкерлеріне наурыздық сыйсияпаттар жасаса – Ұлыстың ұлы күні деген мəртебесіне лайықты, асыға күтетін, ерекше дайындалатын мереке болып қалыптасары сөзсіз.
– Демек, қалыптасқан қағидатты бұзып, Наурызды жаңа жыл ретінде тойлау қажет дейсіз ғой…
– Наурыздың тəлімдік, тəрбиелік мазмұны терең. Сондықтан, ұлттық салт-дəстүрлерге байланыстырып кең көлемді мерекелік шаралар белгіленсе маңызы зор болар еді. Бір апталық мерекелік демалыс қарастырылса, алыстағы ағайынға, оқудағы жастарға, жалпы сəлемдесемін, көрісемін деп ниеттенген жандарға қолайлы болары сөзсіз. Мейрамның маңызын көтеруде үлкен серпіліс, қолдау көрсетілуі қажет. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде осынау мерекені тойлауға қатысты тың бастамалар көтеріліп, қолдау білдірілгені құптарлық. Қуаныштымыз. Күтер өзгерістеріміз көп.
– Осыдан 2-3 жыл бұрын Наурыз мейрамына қатысты жүлде тағайындап, конкурс ұйымдастырған едіңіз. Сол сəтте əр күнді нақты атап, қалай тойлау керектігі төңірегінде пікірлер тоғысқан еді. Жеңімпазды анықтап, нақты тізім жарияланғанды. Соны еске түсірсек…
– Иə. Наурыз мерекесін кеңінен а т а п ө т е т і н у а қ ы т ж е т т і . О л – ұлттық мереке. Сондықтан, қазақы с ана қа лыпт астыратын, руxани қ ұ н д ы л ы ғ ы м ы зд ы д ə р і п т е й т і н , қолданыстан шеттетіліп жүрген салтдəстүр, əдет-ғұрып, ырым-тыйымдарды өмір сүру қағидаларымен байланыстыратын ұлттық мерекеге айналдыруымыз керек. Расында да сол сəтте бірнеше адам пікір білдіріп, қызу талқыланып еді. Жеңімпаз ретінде Сергей Сағынұлын атағанмын. Ол арнайы тізім жасақтап, əр күнге түрліше атау таңып, нақты ұсынған еді. Мəселен, 14 наурыз – «Тағзым күні». Қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептелген. Еліміздің батыс өңірлерінде бұл күні «көрісу» амалы жасалады. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыз үшін ата-бабалар рухына тағзым ету маңызды. «Алас күні» тазару деген мағынаны білдіреді. Облыс аумағында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, арық-атыздар тазаланады. Ал, «Береке» күні қайырымдылық ш а р а л а р ы ұ й ы м д а с т ы р ы л а д ы . Бұл қазақтың Наурыз қарсаңында ұйымдастыратын «шүлен тарату» дəстүрінің жаңғырған түрі. Бұрын байлар тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға осы күні айрықша көмек қолдарын созған. Билік өкілдері «Көктем шуағы» күні ардагерлер, аға буынмен кездесіп, құттықтайды. Жастар қарияларға көмек көрсетіп, ізгілікті шаралар өткізеді. Келесі – «Өніс күні». Наурыз мейрамы қарсаңында өмірге келген сəбилер мен ата-аналарын құттықтап, шағын сый-сияпаттар жасалады. Жаңа өмірдің белгісіндей болып, саябақтарда көшет отырғызылады. «Жайнау күнінен» мерекелік шаралар бастау алса, «Шаттық күні» концерттік бағдарламалар мен мерекеге арналған спорттық жарыстар басталады. 21 наурыз, яғни, «Үйлесім күні» күн мен түн теңеліп, əдемі үйлесімділікке келеді. 22-сі күнгі таңды қарсы алуға орталық алаңға жастар жиналып, таңды күтіп алумен салтанатты мейрам басталады. Жастар «Селтеткізер», «Ұйқыашар» дəстүрлерін жаңғыртып, бір-біріне жасаған сыйлықтарын тапсырады. Ал, Ұлыстың ұлы күнінде көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылса, ғажап емес пе?! Осылайша, бірнеше күн бойы тойлануы арқылы мереке маңызын арттырып, жалпыхалықтық сипат алса деген тілектен туған ой еді бұл. Қазір де мемлекет бастамасымен бірнеше күн тойлау туралы ұсыныстар енгізілгенін көріп, қуанғанымыз шын.
– Көрісу – Батыс өңіріне тəн салт. Жаңаша тойлауға қатысты өзгерістерге с ай, қазір басқа аймақтарда да белең алып келеді…
– Жалпы, жыл басы, жаңа күн 14 наурыздан басталады. Оны қарсылауда Батыс өңірінің өз ерекшеліктері бар. Санада қалыптасқан міндетіміз – таңнан бастап көршілер, ағайын, ауыл үлкендеріне барып көрісу болатын. Бұл дəстүр ауылда күні бүгінге дейін сақталуда. Əр шаңырақта жеті шелпек пісіріліп, өмірден өткен жандарға құран бағышталады, үлкендер төргі бөлмеден күтіп батасын береді. Көрісу – үлкен мəні бар, тəрбиелік тағылымы мол дəстүр. Ата-ана мен балаларының, үлкендер мен жастардың, ағайын мен ауылдастардың арасындағы дала заңымен беркітілген бір-біріне деген сый-құрметі. Аталарымыз көрісе келуге міндетті саналатын адамдардың келмеуін абыройымның азайғаны, арымның қашқаны деп санаған. Үлкендердің көптен көрінбеген, іздеп сағынған адамын «Наурызда көрісе келіп қалар» немесе «Наурызда сəлемдесіп көріскеннен кейін көрмедім» деп осы күнді кездесу, қауышу мерекесі санайтынын естіп, көріп өстік. Ара-жігін ажыратып айта кетейін, амандасу – күнделікті кездескенде бірбіріне берілетін ишарат белгі. Сəлемдесу – арнайы іздеп барып, немесе кездесу мүмкіндігін пайдаланып тереңірек амандық-саулық сұрасатын əдеп. Ал, көрісу – жылына бір рет қол алысуды міндеттейтін дəстүр. Қалай болғанда да кішінің үлкенге, ағайынның ауылдасқа, сыйлы жандардың бір-біріне сөзбен жеткізе алмайтын көңіліндегі құрметінің, ізгі ниетінің, сыйластықтың мəртебесін айқындайтын ұғымды қастерлей білгеніміз орынды.
– Осы тақырыпты тағы жалғай түссек. Қазіргі күні амандасудың да парқы төмендеп бара жатқан жоқ па? Сіз қалай ойлайсыз?
– Қазақ с а лтында амандасу, сəлемдесудің мəні зор. Тпті, бірінші рет кездесіп, жүздескен адамның амандасқанынан-ақ болмысын, мінезін, тіпті қай өңірден, қай салада жұмыс атқаратынын да аңғарып қаласың. Амандасудың өзі адамгершілікті, кішіпейілдікті, ата-анадан, ортадан алған тəрбие-тəлімінің деңгейін көрсетеді. Айтуың орынды. Соңғы кездерде жаппай қолданыстағы «Қалайсың», «Сəлем», «Сəлемет пе» деген сөздер ұлттық қалыптасуымыздың бағытын бұрып барады. Əр ұлттың өзіндік амандасу түрлері бар. Осындай жайларға еліктеушілік те санамызға сіңіп барады. Амандасудың мұндай түрін жағымпаздыққа, жасандылыққа жатқызуға болады. Қазақ – намысшыл, руxты xалық. Сонымен қатар үлкен мен кішінің арасындағы сыйластық қарымқатынастағы əдепті жоғары бағалаған. Ат а — б а б а д а н ж а л ғ а с ы п ке л е т і н «Ассалаумағалейкүм» деп амандасу ел азаматтары үшін құрметті саналып, мақтанышпен қолданылуы қажет. Өйткені ол – ата-бабалардан кейінгі ұрпаққа беріліп келе жатқан исі мұсылман халқына тəн ортақ ишара. Бұл – ислам мемлекеттерінің бəрінде қолданылатын сəлемдесу сөзі. Соңғы кездері əртүрлі сөз тіркестерін қосып, бұзу ата-баба салған сара жолды бұрмалау деп санаймын. Осы тұста əрең ернін жыбырлатып «Амансың ба?» дейтін кейбір ағаларымыздың аузына «Уағалейкүмассалам» сөзі түспей жататыны да жасырын емес. Бұл да – өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруға атсалысамын деген үлкендердің жадында жүретін кемшіліктеріміздің бірі.
– Сіздің бір жазбаңызда наурыз көже туралы айтылған еді…
– Наурыз мерекесі алғашқы тойлана бастаған жылдары наурыз көже жөнінде бір жерден оқығаным бар еді. Қате деп тапсаңыздар айыптай көрмеңіздер. Сол жазбадан түсінгенім, есімдегісі – наурыз көже қазақ xалқының ұлттық асына жатпайтындығы. Салт-дəстүрді қатаң сақтаған атабабамыз Наурыз мерекесін қарсылауға ерекше дайындалған. Қар еріп, күн жылынып, қыс бойы бір-бірімен араласа алмаған ел-жұрт сағынысып көрісетін үлкен жиын болған. Осы шарада соғымнан сыбаға сақталып, қымыз дайындалып, қыс бойы күтімде ұсталған қой сойылған. Билер, байлар, дəулетті жандар осылай тойлаған кезде, сол отбасыларының төңірегінде жүрген жылқышылар, малшылар, жалшылар үшін де демалуға мүмкіндіктер берілген. Жұмысшылардың бастарының бірігуіне орай үлкен қазанға əр отбасы өздерінің қыстан қалған кебеже, дорба түбіндегі тағамдарын берген. Осылайша қазының, сүр еттің, күріш, тары, жемісжидек сынды əр үйден жиналған тағамдар үлкен қазанда қайнап асылған. Ат үстінде, қой соңында, əр түрлі шаруаларда жүрген қызметші жігіттер бірбірімен кездесіп, қазан жағалап отырып мəре-сəре болған. Осы көжені мерекеге орай Наурыз көже деп атаған.