izobrazhenie 2021 03 25 234302

СарапTime: Атырау «донор» облыс болғанымен, керісінше, мұнда құйылатын қаржы аз…

Жаңалықтар СарапTime Экономика
10 / 100

Мұнайлы өңірден республикалық бюджетке аударылатын қаржының көлемі ұлғайды. Керісінше, облысқа бөлінетін трансферттің өзге «донор» облыстармен салыстырғанда аз болуы біраз түйіннің шешілмеуіне зардабын тигізіп отыр.

Мәселен, биыл облыс орталық қазынаға 213,7 млрд. теңге аударса, Атырау облысына берілетін трансферт көлемі 56,9 млрд. теңгені құрады. Ал, көршілес Маңғыстау облысы 8,2 млрд. теңге беріп, республикалық бюджеттен облыстың өсіп-өркендеуіне 62,7 млрд. теңге (765%) алған. Осы фактілерді негізге ала отырып атыраулық сенаторлар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнен алдағы жылдары аймаққа бөлінетін трансферт көлемін ұлғайтуды сұрауда. Себебі, Атырау облысында шешімін күткен мәселелер аз емес. Жоғарыдағы ұсыныстар жүзеге асқан жағдайда, жұмысы басталған бірнеше жоба мәресіне жетіп, ел игілігіне табысталмақ.

Жылдар бойы шешімін таппай, қордаланып қалған мәселелер Атырауда аз емес. Көбінесе бюджеттен тиісті қаржының бөлінбеуі істің түйінін табуға қолбайлау болып жатады. Өндірісті өңірдің тұрғындары қазынаға құйылған қаржының қайтымынан қайыр көрмегеніне түсінбей әлек. Неге қара алтын толы сандықтың үстінде жыртық шапанмен отырмыз?.. Соның сыры беймәлім.

« Ре с п убл и ка л ы қ ж ә н е о б л ы с т ы қ б ю д ж е т т е р , республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңға сәйкес Атырау облысы «донор» болып табылады және қазынаға осы үш жылда 642 миллиард теңге құю жоспарланған. Демек, орта есеппен әр жылда республикалық бюджетке шамамен 200 миллиард теңгеден астам қаржы жіберіледі. Биылғы көрсеткіш – 213,7 миллиард теңге. Ал, осы бюджеттен Атырау облысына берілетін трансферт көлемі – 56,9 миллиард теңге ғана. Қарапайым логикамен есептесек, орталық облыс табысының төрттен бірін ғана өз қажетіне қайтарып, қалғанын өзге өңірлердің дамуына жұмсамақ.

Солай-ақ болсын. Бірақ, Атырау сынды өзге «донор» аймақтарға қайтарылатын қаражаттың көлемі бізді ойландырып тастады. Мәселен, НұрСұлтан қаласы республикалық бюджетке 32,8 миллиард теңге құйса, есесіне қазынадан 130,9 миллиард теңге (399%) алады екен. Ал, Алматы қаласы ортақ қазанға 171,7 миллиард теңге салып, трансферт арқылы 120,5 миллиард теңге (70%) қайтып алады. Көршілес Маңғыстау 8,2 миллиард теңге беріп, облыстың қажетіне 62,7 миллиард теңгені (765%) республикалық бюджеттен алып отыр. Әрине, «алмақтың да салмағы бар».

Десек те, даму деңгейі Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кем емес Атырау үшін бұл теңіздің тамшыдай ғана бөлігі. Қ а з а қ с т а н П а рл а м е н т і Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде бірқатар шешілмеген проблемаларды көзімен көріп қайтты. Олар тек «Донорға» да даму қажет кеткен жоқ, өңірдегі проблеманы жіпке тізіп, өз ұсыныстарымен толықтырып, Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Сенаторлардың айтуынша, облыстың әлеуметтік ж а ғ д а й ы н ж а қ с а р т ы п , инфрақұрылымын дамытуда республика Үкіметі деңгейінде шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар.

Бүгінде облыс бойынша 2018-2019 жылдары басталған бюджеттік инвестициялық жобаларды толық аяқтау үшін 76,3 миллиард теңге қажет. Ал, жергілікті бюджеттің мүмкіндігі шамамен 30 миллиард қана. Былтыр аталған жобаларға 32,2 миллиард теңге жұмсалыпты. Түркістан қаласына бөлінген шығысты есепке алмағанда, жергілікті даму бюджетінің 98%-ы осы мақсатқа бөлінген. 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс пен аудандағы көлік жолының 57%-ы (1099,2 км) жақсы және қанағаттанарлық болса, 94%-ға жуығы (707 км) – топырақ жабындылы жолдар. Оның өзі жол деген аты ғана.

Облыстағы 153 ауылдың 12-сінде әлі күнге дейін орталықтандырылған ауыз су желісі жоқ. 18 елді мекен ауыз суды тасып ішеді. Қазір 6000 халқы бар Миялы селосы мен 62 мың тұрғыны бар Құлсары қаласында ауыз су жазда сағатпен ғана беріледі. Республикада газдандыруды алғаш болып бастаса да, Атырау облысының 18 ауылында табиғи газ желісі тартылмаған. Биыл облыстағы 79 тұрғын үй мен 4 мектеп апатты жағдайда тұр. Оған үш ауысыммен оқитын 11 мектепті қосыңыз. Сонымен қатар, қаржы тапшылығы салдарынан шешілмей отырған басқа да мәселелер тізбегі жеткілікті. Осының барлығын зерттеп, зерделеген қос сенатор Премьер-Министрден Атырау облысының даму бюджетінің мөлшерін ұлғайту, трансфертті есептеу әдістемесін қайта қарауды және 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен облыстың қажетіне бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді сұрады.

Міне, қаржы бөлуде баланстың сақталмауы аймақтың дамуына әжептәуір кедергі келтіріп отыр. Жасыратыны жоқ, қазіргі атқарылған шаруаның дені инвесторлардың көмегі және жергілікті бюджеттің өз мүмкіндігі есебінен жүзеге асып жатыр. Бірақ, бірден-бір табыскер өңірдің бұдан да жоғары жетістіктерге жетіп, халқының қамсыз күн кешуіне мүмкіндіктер бар. Облыстан сайланған сенаторлар көтерген мәселе оң шешілсе, жағымды жаңалықтар еститін күн де алыс болмас.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған