Жарнама
Жаңалықтар

Сарайшықта жаңа спорт алаңы ашылды

Махамбет ауданының Сарайшық ауылында көпшілікке арналған жаңа спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, ауыл жастарына салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Жиын барысында ауыл тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық жарияланды – сарайшықтықтарға жаңа МТЗ-82 тракторы тіркемелері мен қажетті құрал-жабдықтарымен бірге табысталды. Бұл ауыл шаруашылығы мен коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыруға септігін тигізбек. Сондай-ақ, ауыл әкімінің қызметтік міндеттерін сапалы орындауына жағдай жасау мақсатында жаңа автокөлік берілді.

Іс-шараға қатысқан ауыл ардагерлері мен тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, аудан басшылығының қолдауына алғыстарын айтты. Жаңа спорт алаңы ауыл жастары үшін дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік берсе, берілген техника мен көлік ауылдық инфрақұрылымды дамытуға өз үлесін қосады деп күтілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button