Жарнама
Жаңалықтар

«Сарайшыққа» сапарлайтын күн де жақын

Атырау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, «Сарайшық» визит орталығының құрылысын аяқтау күн тәртібінде тұр. Қазір жергілікті бюджет есебінен ғимаратқа сыртқы инженерлік желілер мен қоршаулар құрылысы жүруде. Биылғы жылдың наурызына дейін құрылыс толықтай аяқталады.

– «Сапар орталығы» тек Сарайшық қаласының ғана емес, сонымен бірге, Қазақстандағы Ұлық ұлыс – Алтын Орданың басты музейі болуы тиіс деген мақсатты ұстанып келеміз. Орталыққа келген туристерге сапалы, мәнді де мағыналы саяхат ұйымдастыру негізгі жұмысымыз болып қала береді. Туристік бағыттар даярлап, мәтінін бекіту, жәдігерлермен таныстырушылармен жұмыс алдағы міндетіміз болып тұр. Біз өз жоспарымызды жүзеге асыру үшін қазіргі таңда Сапар орталығының музейлендіру жұмысы толық аяқталуы керек, — дейді «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар.

Сапар орталығының ішкі-сыртқы құрылысымен қатар музейді экспозициялау жұмыстарына 100 млн. теңге қаражат бөлінді. Орталықты музейлендіру жұмыстарын «Қазақ ғылыми зерттеу және материалдық құндылықтарды жобалау институты» ЖШС жүзеге асырып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button