Жарнама
Жаңалықтар

“САРАЙШЫҚ MARATHON – 2025”: жаппай жүгіруге 500-ден астам адам қатысты

Бүгін, 4 мамырда Атырау облысының тарихи мекені – Сарайшық ауылында бұқаралық жүгіру жарысы – “Sarayshyq Marathon – 2025” сәтті өтті. Марафон аясында салауатты өмір салтын насихаттау және тарихи сананы қалыптастыру мақсаты көзделді.

3c536cc6 7991 4f53 811a b0a4f0d5a4f9

Аталған спорттық шараны өңірдегі белсенді жүгірушілер қозғалысы – Run Club Atyrau ұйымдастырды. Марафонға еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық қатысушы жиналып, 3, 5 және 10 шақырым қашықтықтар бойынша бақ сынады.

«Өлкеңді таны! Өткеніңді біл!» ұранымен өткен марафон – тек спорттық жарыс қана емес, ұлт тарихына құрмет көрсетуге бағытталған мәдени-рухани оқиға болды. Жүгіру бағыты Сарайшықтың тарихи жерлерін қамтыды, бұл қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

fee2535b a003 4609 a20d d74aff11256e

Шараның ұйымдастырушысы Гаухар Бекетаева марафон жайында былай деп пікір білдірді: «Біздің басты мақсатымыз — адамдарды спортқа ғана емес, туған өлкеміздің тарихына да жақындату. Сарайшық – еліміздің тарихи жауһары. Осы марафон арқылы біз жастарды өткенге құрметпен қарауға, елдік рухты сезінуге шақырдық. Қатысушылардың ықыласы мен белсенділігі бізді жаңа жобаларға шабыттандырады», — деді.

527547f9 f9b1 4857 94bd 1a4267124793

Сондай-ақ марафонға Ақтау қаласынан келген қатысушы, 10 км қашықтықта қыздар арасында 1-орын иеленген Самал Жұмабаева өз әсерімен бөлісті: «Бұл менің жүгіру спорттық жарысына үшінші рет қатысуым. Жолдың бойындағы тарихи атмосфера ерекше шабыт сыйлады. Әрбір қадамым маған күш берді. Осындай игі шаралардың көп болғанын қалаймын. 1-орын алғаныма қуаныштымын», — деді ол.

Жарыс аяқталған соң барлық қатысушылар Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсия жасап, көне қаланың тағылымды тарихымен танысты. Бұл қадам марафонның мазмұнын тереңдетіп, оны спорт пен руханиятты біріктіретін кешенді шараға айналдырды.

034d49d3 8531 4ede 9cd3 abe728a87f7a

Sarayshyq Marathon – 2025 аясында өткізілген бұл бастама – өңірлік спорт мәдениетін дамытумен қатар, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде жоғары бағалануда.

Ақтілек БАЗАРБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button