Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

САҚТАНЫП ЖҮРЕЙІКШІ…

ӨКІНІШТІСІ, COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ШТАМЫ – «ОМИКРОН» ӘБДЕН КҮШІНЕ МІНДІ. ШЕТЕЛДІК ТЕ, ОТАНДЫҚ ТА ЭПИДЕМИОЛОГТАР САҚТАНЫП ЖҮРУГЕ, ЕШҚАЙДА САПАРҒА ШЫҚПАУҒА, АДАМ КӨП ЖИНАЛАТЫН ЖЕРЛЕРГЕ БАРМАУҒА КЕҢЕС БЕРГЕНМЕН, КӨПШІЛІКТІҢ ҚҰЛАҚ АСПАУЫНАН БА, ӘЛДЕ ҚАЙДАН ЖЕТТІ ДЕЙМІЗ БЕ – АУЫРЫП ЖАТҚАН АДАМДАР БАРШЫЛЫҚ.   

Сол себепті тұрғындар өз өміріне сақтықпен қарап, айналасындағыларға зиянын тигізбеуі керек. Медицина қызметкерлерінің ақыл-кеңесіне құлақ асып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы шарт. Елде бірнеше қала, соның ішінде өзіміздің Атырау да – «қызыл аймақта». Меніңше, бұл кеселді ауыздықтау үшін бәріміз, міндетті түрде екпе алып, саулығымызды күтініп жүруіміз қажет. Облыстағы қарттар мен мүгедектер үйінде 98 адам тұрса, соның 27-сі екпенің екінші құрамымен егілген. Ал, оларды күтіп жүрген 70 қызметкер бар. Соның 65-і екпенің екінші компонентін алған, үшіншісін ақпан айында алады. Екпенің екінші компонентін 27 қызметалушы алған.

Белгіленген уақыттан соң ІІІ, IV компоненттерін алу да ойымызда бар. Өйткені, аурудың алдын алуға екпенің көп септігі бар. Оның үстіне қарттар тұрып жатқан үй карантинде болған соң 105 жастағы қартымыздан бастап ешбір тұрғын бұл аурумен ауырған жоқ. «Сақтансаң, сақтармын» демекші, сіздерге де күтініп, кісі көп шоғырланған орындарға шықпауға кеңес беремін.

Қилымқас КҮЗЕМБАЕВА,

облыстық қарттар мен мүгедектер үйінің директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button