Сапалы өнімге–сенімді кепіл
Батыс Қазақстан облысындағы ірі инвестор – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (әрі қарай – «ҚПО») компаниясының бас директоры Ренато Мароли бастаған делегация Атырауға келді. Компания басшысы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болып, тараптар «ҚПО» жобаларындағы жергілікті қамтудың үлесін арттыруды іске асыру тетіктерін талқылады. Делегация сапары жергілікті өндіріс орындарында жалғасты.
Талшықты-оптикалық кабель өндіретін «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-нде болған қонақтар кәсіпорынның шығарып жатқан негізгі өнімдерімен танысты. Бұл бұйымдарға зор қызығушылық танытқан меймандар қажетті тауарларға ішінара тапсырыс беруге ниет білдірді. Бұдан кейін олар «Жігермұнайсервис» кәсіпорнындағы өндіріс цехтарында болды. Іскерлік кездесу соңында Ренато Мароли мен «Жігермұнайсервис» ЖШС директоры Асхат Дүйсәлиев екі бұрғылау қашауын (жалпы құны 83000 доллар) сатып алу-сату келісім-шартына қол қойды.
Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.
Суретті түсірген: Максим СТАДНИЧЕНКО.
Толығырақ газеттен оқи аласыз.