![Сап түзе, сарбаз! 1 3j2a1784](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/03/3j2a1784.webp)
Сап түзе, сарбаз!
Атырауда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қорғаныс істері департаментінде ҚР Қарулы Күштері қатарына көктемгі әскерге шақырылғандармен салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабалайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шарада Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Эльдар Шингалиев, Қарулы Күштердің ардагерлері, ауған ардагерлері, әскери-техникалық мектептің студенттері мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары сөз сөйлеп, отан қорғаушыларға сәттілік тіледі.
– Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу – үлкен мәртебе. Ата-аналарға алаңдамау үшін, қолайлы қызмет үшін барлық жағдайлар бар. Қазір Қарулы Күштердегі барлық бөлімше демалыс күндері туыстарымен сөйлесу үшін арнайы сатып алынған планшеттермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, «Мерзімдік 2.0» бағдарламасы бойынша әскерге шақыру бойынша қызмет өткергендер еліміздің жоғары оқу орындарының біріне емтихан тапсырмай-ақ және ҰБТ-ға тегін негізде түсе алатынын атап өткім келеді, – деді Э.Шингалиев.
Іс-шарада Атырау қаласының әскери-техникалық мектебінің студенттері патриоттық әндерді орындап, әскерге шақырылғандардың рухын көтерді.
Айта кетейік, мерзімді әскери қызметте болған кезеңде несиесі бар әскерге шақырылушылар уақытша несие төлеуден босатылады.