САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫҢ ЕКІ АЙЛЫҒЫ ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 30 шілдедегі №1375 «Елді мекендердің санитарлық тазалығы, сумен қамтылуы және кәріз объектілерінің 2015-2016 жылдардың күзгі-қысқы маусымына дайындығы туралы» қаулысына сәйкес, үстіміздегіжылдың 1 тамызымен 1 қазаны аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды. Атырау қаласы әкімдігі тазалық айлығы аясында «Туған қала тазалығы – өз қолыңда!» атты жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырады.

Құрметтіқалатұрғындары! Осыған орай, тамызайының 1 жұлдызында болатын жалпықалалық сенбілікке белсене қатысып,  туған өлке тазалығына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

Атырау қалалық әкімдігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз