Жарнама
Жаңалықтар

Санат Асуат «Səs Azərbaycan» финалисі атанды

Бүгін Атырау халықаралық әуежайында жас талант Санат Асуат шет елдегі үлкен жобадан оралып, жерлестерінің қошеметіне бөленді. 

Ол Әзербайжанда өткен халықаралық вокалдық жоба – «Səs Azərbaycan» байқауында өнер көрсетіп, финалист атанды.

7b0d36e7 3d04 422d 8f46 665fc1e8ce12

Байқау кезінде Санат көптеген елдің көрерменін тамсандырып, түрлі стильдегі әндерді жанды дауыста орындап, кәсіби әділқазылардың жоғары бағасына ие болған.

f7d5fc41 92eb 45f5 bb0b 4a1f1fbac714

– Осындай ауқымды жобаның қатысушысы атану – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл айлар маған шығармашылық шабыт, жаңа достар мен тың тәжірибе сыйлады. Мен өзіме сенім артқан барша жанға және отбасым мен ұстаздарыма алғыс айтамын, – дейді Санат Асуат.

Санат үшін ерекше әсер қалдырған орындауы – «Ізін көрем» әні.

– Бұл ән менің жүрегіме жақын. Сол орындау кезінде бар сезімімді жеткізуге тырыстым, – дейді ол.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button